Казталов ауданы — Батыс Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аймақтық бөлік. Алғаш 1928 жылы құрылған. Кейін (1997 жылы) Жалпақтал (бұрынғы Фурманов) ауданы таратылып, оның негізінде Казталов ауданы бұрынғы аумағын кеңейтіп қайта құрылды. Жерінің аумағы 18,6 мың км2. Орталығы – Казталовка ауылы.

Географиялық орны, жер бедері Шығысында Ақжайық, Тасқала, оңтүстігінде Жаңақала, Бөкейорда, батысында Жәнібек аудандарымен, солтүстігінде Ресейдің Саратов облысы, Алғай ауданымен шектеседі. Аудан жері жазық. Каспий теңізінің Солтүстік бөлігін қамтиды. Ең биік жері ауданның батысында (абсолюттік биіктігі 42 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары өндіріледі.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 18321 11999 23974 17607 18159 38703 32908 28548 Халқының саны 2019 жылы 29 129 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 98,78%, басқалары — 1,22%.

Әкімшілік бөлінісі center|300px 47 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақпәтер ауылдық округі Ақпәтер ауылы 2 1057 Болашақ ауылдық округі Болашақ ауылы 4 1213 Бостандық ауылдық округі Бостандық ауылы 2 1631 Бірік ауылдық округіӘжібай ауылы 3 1029 Жалпақтал ауылдық округіЖалпақтал ауылы 1 4684 Жаңажол ауылдық округіЖаңажол ауылы 4 1491 Казталов ауылдық округіКазталовка ауылы 4 6059 Көктерек ауылдық округіКөктерек ауылы 4 1544 Қайыңды ауылдық округіҚайыңды ауылы 1 880 Қараоба ауылдық округіҚараоба ауылы 3 1345 Қараөзен ауылдық округіҚараөзен ауылы3 1379 Қарасу ауылдық округіҚарасу ауылы 4 1426 Қошанкөл ауылдық округіҚошанкөл ауылы 2 1174 Талдыапан ауылдық округіТалдыапан ауылы 5 1110 Талдықұдық ауылдық округіТалдықұдық ауылы 2 612 Тереңкөл ауылдық округіНұрсай ауылы 3 798

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Казталовка ауыл 5560 Жалпақтал (Фурманово) ауыл 4684 Бостандық ауыл 1551 Қараоба ауыл 1153 Қараөзен ауыл 1035 Қошанкөл ауыл 1017 Ақпәтер (Порт-Артур) ауыл 1005 Жаңажол ауыл 951 Әжібай ауыл 931 Көктерек ауыл 908 Қайыңды (Берёзино) ауыл 880 Болашақ (Богатырёво) ауыл 751 Қарасу ауыл 739 Нұрсай ауыл 587 Талдықұдық ауыл 556 Жұлдыз ауыл 551 Талдыапан ауыл 521

Климаты, өсімідігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауданның орташа температурасы қаңтарда –13 – 13,50С, шілдеде 240С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерімен Қараөзен, Сарыөзен, Ащыөзек, Жайықтың Көшім тармағы және олардың салалары ағып өтеді. Ірі көлдері: Мерекекөл, Қаракөл, Сарышығанақ, Балықты Сарқыл. Жері, негізінен, қызыл қоңыр, қоңыр, сортаң, сор топырақты. Онда боз, жусан, бетеге, еркек шөп, өзен жайылымдарында және көлдерді жағалай қамыс, құрақ аралас шалғынды шөптер өседі. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, доңыз, ақбөкен, борсық, сарышұнақ, аламан тышқаны, өзендерде шортан, алабұға, сазан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардан қаз, үйрек, аққу мекендейді.

Шаруашылығы, инфрақұрылымы Аудан етті-сүтті мал, қой, жылқы және астық өсіруге маманданған. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 1,78 млн. га, оның ішінде егістігі 25,7 мың га, шабындығы 200,9 мың га, жайылымы 1,47 млн. га-ны құрайды. Аудан аумағындағы бұрынғы (1997 жылға дейінгі) 2 ұжымшар, 14 кеңшар, 2 бордақылау бірлестіктері 30-дан астам шаруа қожалықтарына қайта біріктірілген. Жалпы білім беретін 54 мектеп, оның ішінде 25 орта, 6 орталау, 23 бастауыш, 1 кәсіптік-тех. мектептер бар. 2 мәдениет үйі, 37 кітапхана, 39 клуб, 4 кинотеатр, 2 музей жұмыс істейді. Емдеу орындарынан ауданы аурухана мен 2 емхана, 14 фельдшер-акушерлік пункт бар. Аудан жерімен Жәнібек – Казталовка, Жалпақтал – Чапаев – Казталовка, Жалпақтал – Талдыбұлақ автомобиль жолдары өтеді.Қазақстан Энциклопедиясы

Әйгілі тұрғындар мен тумалар Қайырғазы Имашев Ыбырай Сауанов

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы