thumb|upright|Ярданг (Техас) thumb|upright|Чаддағы метеорит кратеріндегі Аороунга ярдангтары Ярданг, яранг (ұйғырша — жар, құлама қырқа) — аридтік сазды шөлдердің бедер пішіндері — басым желдердің бағытына сәйкес бір-біріне параллель созылған және онша енді емес қолаттармен және науалармен бөлінген, өткір қырқалы және құлама беткейлі симметриясыз ұзын, жіңішке жалдар. Ұзындығы ондаған м-ден бірнеше км-ге дейін, ені бірнеше метр, биіктігі, әдетте, 5 м-ге дейін болады. Көбінесе ұсақ сынықты тығыздалған көлдік және аллювийлік түзілімдерден құралады. Қырқалар мен қолаттардың ұштасуы бедердің ярданг типін құрайды. Ярданг, негізінде, Орталық Азия шөлдеріне тәнҚазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6.
Дереккөздер
Санат:География және геодезия