Параметриялық теңдестіру тәсілі — есепті жанама жолмен шешуде қолданылатын теңдестіру. Бірінші кезекте таңдалған анықталатын шамалардың жуықталған мәндеріне түзетулер табылады, содан соң олар арқылы теңдестірілетін шамаларға (қажет болса) түзетулер анықталады. Шешу бірнеше варианттармен жүргізілуі мүмкін: бірсыпыра анықталатын шамаларды шығарып, түзетулердің параметриялық теңдеулерін түрлендіруі арқылы; барлық түзетулер теңдеулерін бір салмаққа келтіру арқылы; жалған салмақты енгізу арқылы және т.б.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия