Гляциосфера — Жер бетіндегі, атмосферадағы, гидросферадағы және литосферадағы карлы-мұзды түзілімдердің жиынтығы. Гляциосфераның өзіне тән қасиеттері — судың қатты күйінде (фазада) болуы, масса алмасуының баяулығы, шағылыстыру қабілетінің жоғарылығы, заттардың бір фазадан екінші фазаға өткен кезінде жылудың орасан көп жұмсалуы, тағы да басқалары.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия