thumb|360px|сүрмелі|оңға|Мұхамеджан Тазабек

«Асыл арна» телеарнасы — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және басқа да құзырлы ұйымдардың тікелей қолдауымен 2007 жылы қыркүйек айында құрылған рухани-танымдық, отбасылық арна. «Асыл арна» телестудиясы 2008 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Ақпарат және Мұрағат Комитетінде Бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) ретінде тіркелді (куәлік № 9467 – Э). 2021 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таратылды. Арна 2021 жылы қаңтар айында атауын "Talim TV" деп өзгертті. Хабарлар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Таратылу уақыты: тәулік бойына. Телеарна директоры Мұхамеджан Тазабеков.

Телеарна тарихы 2007 жыл, қыркүйек – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен «Асыл арна» телестудиясы құрылды; 2008 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасының ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде электрондық бұқаралық ақпарат құралы ретінде тіркелді (Тіркеу куәлігі №9467-Э); 2009 жыл, тамыз – «Асыл арна» телеарнасының барлық кабельдік және сандық желілер арқылы таратылуына жол ашылды; 2009 жыл, тамыз – www.asylarna.kz сайты ашылды; 2010 жыл, маусым – «Асыл арна» телеарнасы өз өнімдерін спутниктік жиілікте тарата бастады; 2011 жыл, наурыз – «Асыл арна» телеарнасы телеарнасы www.asylarna.kz сайтында online хабар тарата бастады; 2011 жыл, желтоқсан– өкілдері Кувейтте өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты; 2013 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінен көрсетіле бастады; 2013 жыл, қыркүйек– ел тарихында тұңғыш рет қажылық маусымында өз хабарларын күн сайын Мекке қаласынан тікелей эфир арқылы тарата бастады; 2013 жыл, желтоқсан– Индонезияның астанасы Жакарта қаласында өткен Бүкіл әлемдік «Ислам медиясы» атты конференцияға қатысты; 2014 жыл, наурыз– «Асыл арна» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік таралым желісінің тегін пакетінен тарала бастады; 2014 жыл, сәуір– ғаламтор беттеріндегі барлық әлеуметтік желілер (mail.ru, facebook, вконтакте, twitter, instagram) мен видеопорталдарда (youtube, Kiwi.kz, Rutube, kaztube, youku) жұмысын бастады; 2015 жыл, шілде– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті, ҚМДБ және «Асыл арна» телеарнасы арасында үш жақты меморандумға қол қойылды; 2015 жыл, қазан– «Асыл арна» телеарнасында жаңа маусымдық бағдарламалар дайындала бастады; 2014-2015 жылдары– «Асыл арна» телеарнасы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Еуропадағы мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігімен таныстыратын «Мұнаралы Еуропа» деректі фильмін түсірді. Түсірілім тобы алғашқы жылы Еуропаның 8 мемлекетін, кейін қос аралдағы 4 мемлекетті жүріп өтіп, шетелдік мұсылмандар туралы қызықты мағлұматтарды ұсынды. 2021 жыл, қаңтар - "Асыл арна" телеарнасы бұрынғы миссиясы тоқтатып, атауын "Talim TV" деп өзгертті.

Тележобалар және оның тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері:

Ақпараттық-танымдық Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп:

«Семейный доктор» «Ауырмайтын жол ізде» «Болезнь и исцеление» Алматы қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы өткізетін СӨС және бұқаралық жарыстардың іс-әрекеттерін насихаттау

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері ассоциациясымен бірлесе отырып, ұлттық спортты насихаттау шеңберінде: «Көкпар» «Бәйге» «Дода» Жоғарыда аталған қауымдастық өткізетін олимпиадалар мен жарыстардың барлық түрлерін қамту

Ұлттық өнерді насихаттау шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің ішкі саясат департаментімен, Ұлттық кітапханамен, қоғамдық ұйымдармен және ҮЕҰ-дармен бірлесіп:

«Әсерлі Терме» «Өлең сөздің патшасы» «Бабалар сөзі – өсиет» «Мақал мен мәтел» «Әдебиет-ардың ісі» «Жыр-жауһар» «Ұлт нақышы» «Қазақ білсін» және т.б...

Қайырымдылық қорлармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып:

«Милосердие» «Социальный проект» «Арнайы хабар» «Наш взгляд» және т.б.

Телеарнаның басқа да жобалары:

«Тәлім тренд» (отбасы қарым-қатынастарының түйіткіл мәселелерін талқылайды. Мұхамеджан Тазабектің авторлық бағдарламасы) «Қазаққа керек 100 кәсіп» «Біздін де қолдан келеді» «Ерен еңбек» «Ғаламтор әлемі» «Азаттық айшықтары» «Тұғырнама» «Prо авто» «Кестелі орамал» «Жас дәурен» «Емен жарқын» «По душам» «Пікір» және т.б.

Ақпараттық «Ел ішінен» «Парламент тынысы» «Жарты сағат» «Ел мен елші» «Сүбелі сөз» «Арайлы Астана» Шымкент облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Асыл арна KZ» «Арнайы репортаж» және т.б.

Өткен аптаның оқиғаларын талдау және баспа басылымдарындағы өзекті мақалаларға шолу жасау. Бұдан басқа, қоғамдағы маңызды тақырыптар туралы арнайы есеп.

Ақпараттық-танымдық «Ат үстіндегі ғұмыр» «Ғибратты ғұмырлар» «Өнегелі өмір» «Әжемнін әнгімесі» «Алтын тамыр» «Әлем назарында» «Ұлттық бренд» «Ұлттық тағам» «Орайы келген әңгіме» «Қазыналы қарттар» «Босаға» және т.б.

Қазақ халқының тарихы, бабаларымыздың мәдениеті мен өмірі исламмен тығыз байланысты. Төмендегі бағдарламалар қалың бұқараға бай мәдениетіміз бен салт-дәстүрлеріміздің ерекеше қырларын паш етеді.

Рухани-ағартушылық бағдарламалар. ҚМДБ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірге «Жұма мүбарак» «Алланың аманаты» «Қазақстан мешіттері» «Матуриди мектебі» «Маңызды мәселе» «Ұмытылмас сапар» «Жұма уағызы» «Хроника паломничества» «Пайғамбар қасиеттері» «Сира уақыты» «Құлшылық қырлары» «"Құран оқып үйренейік" «Ұлы сапар-қажылық», және т.б.

Ұлттық-мәдени «Ізгілік мектебі» «Берекелі шаңырақ» «Балалық шаққа саяхат» «Менің анам, менің әкем» «Әдеп әліппесі» «Жан азығы» «Адал ас» «Берекелі Рамазан» «Благодатный Рамазан» «Шуақты аналар» және т.б.

Көркем фильмдер «Тастандылар» (2011) «Дода» (2013) «Көке», 5 серий (2016) «Бір келіншек», 10 серий (2016) «Үлкенүй», 30 серий (2016) «Сергелдең» (2017) «Шатқал» (2016) «Кеш емес», короткометражный фильм (2017) «Қабыл болған дұға», короткометражный фильм (2015) «Шабдалы» (2017)

Жоғарыда аталған фильмдердің басты мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілік, ата-аналарға, ақсақалдарға, көршілерге, отбасылық құндылықтарға, адамгершілікке, патриоттыққа, адалдыққа, ізгілікке, балаларға рухани тәрбиелеуге, әділдікке, мейірімділікке және т.б. сияқты рухани құндылықтарды танымал ету және жандандыру.

Деректі фильмдер «Яссауи мазасы» (2016) тарихи ескерткіш туралы әйгілі ислам ғалымының мұрасы туралы баяндайды «Әбу Ханифа» (2016) атақты ғалымның өмірі, адамгершілік қасиеттері мен жетістіктері туралы әңгімелейді «Ғибратты ғұмырлар» (2017) Қазақстанның рухани және мәдени өміріне ерекше үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы әңгімелейді. «Шындық пен Щырғала» (2009) және «Тұқпирсілдіктер» (2014), осы фильмдердің басты мақсаты деструктивті діни ағымдардың идеяларына иммунитетті қалыптастыру «Құран туралы не білеміз?», совместно с ДУМК (2014) «Қазыналы Оңтүстік», Шымкент облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен (2014) «Ұлытау экспедициясы» (2016), «Бурабай» (2011), «Алтайдағыарда ел» (2016), еліміздің ең әдемі жерлерін әңгімелейді және Қазақстанның туризм саласын ілгерілетеді «Құнанбай», Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен (2011 ж.) «Таңғажайып Индонезия» (2016) «Мұнаралы Еуропа» (2013) «Мұнаралы Еуропа -2» (Қос аралдағы құлшылық) (2014) «Мұнаралы Америка» (2016-2017) «Қазақстан полициясы: құқық бұзушылықтардың алдын алу», ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша (2017) «Қазақстан полициясы: қылмыстық істі тергеу және ашу», ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша (2017)

Анимациялық фильмдер мен балалар бағдарламалары

«Ерте, ерте, ертеде…» «Айналайын абайла» «Әліппе» «Негетай» «Олкім, біл не?» «Қалақай» «Жүйріктер» «Біздің жанұя» «Балаларға базарлық»

Біздің мультфильмдер балаларға адалдық пен еңбекқорлық, отансүйгіштік пен сенім, ата-ана мен ересектерді құрметтеу және білімге деген қажеттілік туралы әңгімелейді.

Видеороликтер: Рухани Этика дуа (рус) Құран жайлы мәлімет (қаз) Ценности Корана (рус) Құран (қаз) 99 Есім (қаз) Әбу Ханифа ұлағаты (қаз) Аллаһтың пайғамбарлары (қаз) Хадис - даналық бұлаға (қаз) Хадис тағылымы (қаз) Иқро (қаз) Құран ғибраты (қаз) Мұсылман қорғаны (қаз) Назидание Корана (рус) Сахабалар сөзі (қаз) Сүрелер сыры (қаз) Таңғы дұға (қаз\рус) Кешкі дұға (қаз\рус) Азан Намаз кестесі (қаз\рус) Зікір (қаз) Заметки для молящихся (рус) Мәдина (қаз) Мұхаммед пайғамбар (қаз) Сіз дұға жасай білесіз бе? Аланның коңактары Екі дүниенің қуанышы! және т.б

Әлеуметтік Читай (рус) Муфти бағаны (қаз) Ұстаз (қаз) Береке сұрау (қаз) Амандық тілеу (қаз) Кешірім сұрау дұғасы (қаз) Таразы Көркем мінез - дұға (қаз\рус) Дұғаның қабыл болуы (қаз) Ай болашақ жар, аяулы ана (қаз) Айел жүрегінің кілті (қаз) ) Жарымның жүрегін жаулаймын!(қаз) Әкенің орны бөлек (қаз\рус) Ата-анаға құрмет (қаз) Бала тәрбиесі (қаз) Дос таңдау (қаз) Ердің әйеліне құрметі (қаз) Есіңде болсын (қаз) Қыз тәрбиесі (қаз) Сәби тәрбиесі (қаз) Садақа (қаз\рус) Ана қадірі (қаз) Анаға хат (қаз) Сіз кіммен доссыз (қаз) Адам кейпіне қарама [қаз) Әйел болу оп-оңай (қаз) Әке (қаз) Ана (өлең), (қаз) Бомж (қаз) Олар жұмыс істемейді (қаз) Полезный поступок (рус) Защитите ребенка (рус) Сен анаңа қарыздарсың(қаз) Құрсақтағы сәби (қаз) Көрші (қаз\рус) Ауылым (қаз) Жәрдем беру Қайғы (қаз\рус) Кешірім сұрау (қаз) Мешітке кел! Менің кінәм не? (қаз) Білімдінің орны-төр! Жұртқа төккен жылуды жақыныңнан да аяма! Абыройсыздықты сатып алма! Асықпа, сені үйде ұлың күтіп отыр! Одно слово. Время. Бала тәрбиесінде жиі кездесетін кемшіліктер Горе. Роль отца в семье особенна. Какие отношения у вас с соседями? Адамның әр қылығы ізсіз қалмайды. Ана болу оп-оңау! Қайғырма! Және т.б.

Патриоттық Қазақ үй (қаз) Бетпақ дала (қаз) Атаулар анықтамасы (қаз) Соңғы құтпа (қаз) Парасатты пайымдар (қаз) Тәуелсіздікке 25 жыл (қаз) Дұрыс таңдау жаса! Қоршаған ортаны қорғау қиын емес! Абыройы алаштың! Астана -азаттық ақ бесігі Пусть будет вечной наша независимость. Менің Қазақстаным! (қаз) Отан отбасынан басталады (қаз) және т.б.

Терроризмге қарсы Терроризмге жол жоқ(қаз) Дайш (қаз) Игиш(қаз\рус) Тәубеңе кел (қаз) және т.б.

Телеарна миссиясы Адамдар арасында бейбітшілік пен төзімділіктің, мейірім мен терең сенімнің берік тұтқасы ретінде мойындалған дәстүрлі ата-дініміздің құндылықтарымен көпшілік көрермендерді таныстыру. Ұлттық және адамзатқа ортақ адамгершілік құндылықтарды, мұсылмандық ұстындарға сүйенген моральдық негіздерді насихаттау. «Асыл арна» телеарнасы ашылған күннен бері ұлттық құндылықтарды асыл дінімізбен сабақтастыра отырып, халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандыруды мақсат тұтып келеді. Рухани-ағартушылық арнаның көздеген тағы бір бағыты – сан түрлі құндылықтар сапырылысқан мына заманда, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін, ұлт иммунитетіне айналған ұлы қасиеттерімізді ұрпақ санасында жаңғырту.

Іс-әрекет ұстанымдары