Сарыаша – Шығыс Қаратаудың солтүстігіндегі Аусар қыстауына жақын жерде сары мергельден түзілген тау аралық аңғар. Аңғар ішінде Сарыаша аттас суы мол, тұщы құдық бар. Ертеде Аусар бұлағы осы жерге дейін жетіп, аңғар сайын бойлап ағып жатқан. 1912 ж. Тобанияз Әлниязов уезд бастығының рұқсатымен өзіне қараған 10 үйге С-ға 4 шығыр орнатып, егін егуге жер алған. Сарыашаға одан кейін Ұшқын ұжымшары егін салған. Оның іздері әлі сақталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Дереккөздер