Трингуляцияны теңдестіру — ең кіші квадраттар әдісінің коррелаттық немесе параметриялық әдісімен мүмкіндігінше бұлжытпай жасалады, бірақ мұнда бірқатар жеңілденетін ұйғаруларға жол беріледі; байланыстырылған тораптар кезіндегі бастапқы мәліметтер және өлшенген қабырғалардың ұзындықтары қатесіз деп саналады, өлшеулер тең дәлдікті деп қабылданады; коррелаттық әдіспен теңдестіру кезінде нақтылы өлшенген бағыттардың орнына, әдетте, іргелес бағыттар арасындағы тәуелсіз өлшенген бұрыштарды табады; параметриялық әдіспен теңдестіру кезінде өлшенген деп бағытты тәуелсіз табады, әрине, бұл жағдай тең емес нәтижелерге әкеледі. Соңғы уақытта IV және жоғары класс трингуляцияны теңдестіру кезінде жанама анықтау әдісі деп танылған параметриялық әдісті қолданады; қажетті белгісіздердің орташа тендеулері де координаталар әдісіндей.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия