Параллелограмм – қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын, яғни параллель түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш. right|frame|Параллелограмм

Параллелограммның қасиеттері Қарама – қарсы орналасқан қабырғалары тең. : , . Қарсы жатқан бұрыштары тең. : Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. : , . Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы 180º-қа тең. Диагональдарының квадраттарының қосындысы оның барлық қабырғаларының квадраттарының қосындысына тең.

Параллелограммның белгілері Егер мына шарттар орындалса онда төртбұрыш параллелограмм болады: Қарама – қарсы қабырғалары тең және параллель (|AB| = |CD|, |AD| = |BC|) Қарама – қарсы қабырғалары қос – қостан тең (|AB| = |CD|, AB || CD). Қарама – қарсы бұрыштары қос – қостан тең (∠A = ∠C, ∠B = ∠D). Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді (|AO| = |OC|, |BO| = |OD|).“Қазақ Энциклопедиясы”, V-том нобай солға|нобай|220x220 нүкте

Параллелограммның ауданы солға|нобай Параллелограммның ауданы оның негізінің биіктікке көбейтіндісіне тең: , бұл жерде — негізі, — биіктік.

Параллелограммның ауданы оның іргелес қабырғаларының ұзындықтарының көбейтіндісіне және олардың арасындағы бұрыштың синусына тең: , және іргелес қабырғалары, — және арасындағы бұрыш.

Герон формуласы арқылы: , мұндағы

Дереккөздер

Санат:Төртбұрыштар