Синхронды емес тарату режімі (Asynchronous Transfer Mode) — пакеттер мен арналар коммутациясының технологиясын біріктіретін стандарт. АТМ-нің басты идеясы ұялар деп аталатын ақпарат таратудың кез келген трафигінде тіркелген ұзындықтағы (53 байт) дестелер, яғни мультимедиямен қоса универсалды ақпарат тарату торабын құру болып табылады. ATM конңепциясына байланысты бір желі ішінде бірнеше бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін виртуалды желілер болуы мүмкін, ал жалпы ресурстарды бөлу виртуалды жолдар арқылы жүзеге асырылады, ол бірнеше виртуалды арналардан түруы мүмкін. Бір ғана сандық желіде бір уақытта 256 виртуалды жолдар құрылуы мүмкін (түйіндер байланысында 4096), олардың әрқайсысы 26 виртуалды арналардан тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника