Шырша қайшыауызы () - тау өзендерінен жағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайтәрізділердің бір түрі. Қоректері - қыста пісетін шырша тұқымдары. Шыршашыл қайшыауыздың тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі - көктемде жұмыртқаламай, керісінше қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі оларға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауындағы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.

Дереккөздер

Санат:Қайшыауыздар