Альпілік бедер - қар сызығынан жоғары алқапта кең көлемді аумақты қамтитын, ұдайы мұз бен қар басқан биік тауларға, сондай-ақ плейстоценде мұз басуға ұшыраған тауларға тән жер бедерінін типі. Бұл тауларға үшкір шынды қырқалар, терең тілімдену, жартастар мен қорымдардың және мұздықтык пішінді бедердің (қарлар, цирктер, трогтар, карлингтер) кеңінен таралуы тән. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия