Жазғы Олимпиада ойындары 2004 (, Standard Greek pronunciation is ), ресми атауы XXVIII Олимпиаданың ойындары, 2004 жылдың 13—29 тамыз күндері аралығында Грекияның елордасы Афина қаласында өткен жетекші халықаралық мульти-спорттық шара. Грекия Олимпиада ойындарының отаны болғандықтан, ұранның Welcome Home (Үйге қош келдің немесе үйге қош келдіңіздер) нұсқасы таңдалды. Ойындарға 201 елден келген 10,625 спортшы және 5,501 ресми өкіл қатысты. 28 спорт түрінен 301 жүлде жинағы ойнатылды. 2004 жылдың Олимпиадасына Ұлттық Олимпиада комитеттері бар барлық елдер қатысты, бұл Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші рет болған жағдай, бұрын 1996 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ХОК-қа мүшелік ететін елдер түгелдей қатысқан.
Спорт түрлері 2004 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына 28 спорт түрлері кіреді.
20px|Академиялық есу Академиялық есу 20px|Бадминтон Бадминтон 20px|Баскетбол Баскетбол 20px|Бокс Бокс 20px|Күрес Күрес 20px|Велоспорт Велоспорт 20px|Су добы Су добы 20px|Волейбол Волейбол 20px|Қол добы Қол добы 20px|Байдаркада және каноэде есу Байдаркада және каноэде есу
20px|Гандбол Гандбол 20px|Гольф Гольф 20px|Спорттық гимнастика Спорттық гимнастика 20px|Көркем гимнастика Көркем гимнастика 20px|Гимнастика Дзюдо 20px|Ат спорты Ат спорты 20px|Лёгкая атлетика Жеңіл атлетика 20px|Үстел үсті теннисі Үстел теннисі 20px|Желкенді спорт Желкенді спорт
20px|Жүзу Жүзу 20px|Суға секіру Суға секіру 20px|Синхронды жүзу Синхронды жүзу 20px|Қазіргі бес сайыс Қазіргі бессайыс 20px|Нысана көздеу Нысана көздеу 20px|Регби-7 Регби-7 20px|Садақтан ату Садақтан ату 20px|Теннис Теннис
20px|Триатлон Триатлон 20px|Тхэквондо Тхэквондо 20px|Тяжёлая атлетика Ауыр атлетика 20px|Семсерлеу Семсерлесу 20px|Футбол Футбол 20px|Көгалдағы хоккей Көгалдағы хоккей
Қазақстан нәтижесі Афины рингінде қазақ боксшысы жамбылдық Бақтияр Артаев өз салмақ дәрежесінде (69 кг) чемпион атануымен қатар, олимпиялық турнирдің ең үздік былғары қолғап шеберіне тағайындалған бас жүлдені жеңіп алды. Еркін күрестің шебері Генадий Лалиевтің күміс медалі төбемізді көкке жеткізбегенімен мерейімізді біраз биікке көтеріп тастады. 60 килограмдық салмақ дәрежесінде рингке көтерілген қарағандылық Серік Елеуов. Серік бұл жолы республиканың құрама командасына қола медаль әкелді. Грек-рим күресінен Георгий Цурцумия финалдық белдесуде ресейлік Бароевтан ұтылды. Ал Әлемнің екі дүркін чемпионы Мкхитар Манүкян жартылай финалда түрік Ероғылға 4:0 есебімен тізе бүгіп қола медаль алды. 77 килограмга дейінгі салмақ дәрежесіндегі өте күшті ауыр атлет, штанганы екі қолмен жүлқи көтерудегі Әлемнің рекордшысы (оның 173 киллограмға тең әлемдік рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ) үштөбелік Сергей Филимонов құрама команда жаттықтырушыларының тәжірибесіздігінен күміс медаль алып қалды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Жалпы есепте 1 алтын, төрт күміс, үші қола алып, 40-шы орын алды.
Медальдар санағы x25px Жалпы медальдар саны Жалпы Орын ҰОК 20px 20px 20px 1 36 39 26 101 2 32 17 14 63 3 28 26 36 90 4 17 16 17 50 5 16 9 12 37 6 13 16 20 49 7 119 13 33 8 9 10 11 11 9 9 12 9 30 10 9 9 12 30 11 9 7 11 27 12 8 6 3 17 13 8 5 9 22 14 8 5 6 19 15 6 6 4 16 16 5 2 3 10 17 5 0 1 6 18 4 9 9 22 19 4 2 1 7 20 3 11 6 20 40 1 4 3 8
Дереккөздер
Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:Грекиядағы спорт