Дүйсек Бекназаров (1888, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы — 1965, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы) — айтыс ақыны.
Қоңырат тайпасының божбан руынан. Әкесі Бекназар да айтулы айтыс ақыны ретінде сөз сайысына түскен. Дүйсек туралы ел аузында әңгіме көп. Соның бірінде ол өзінің өмірлік жарын да айтыста жеңіп алған дейді. Дүйсектің Таңатармен айтысы дейтін үзік жыр ел аузында сақталған..Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:1888 жылы туғандар Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:1965 жылы қайтыс болғандар Санат:Отырар ауданында қайтыс болғандар Санат:Айтыс ақындары Санат:Қазақстан ақындары