thumb| alt=A.| Луи Пастер. Микробиология (грекше «микрос» - кішкене, «логос» - ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдердің құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.

Микробиологияның бөлімдері: бактериология, микология, вирусология, паразитология және тағы басқалар. Микроорганизмдердің экологиялық ерекшеліктеріне, олардың өмір сүру жағдайларына, қоршаған ортамен қалыптасқан қатынастарына және адамның тәжірибелік қажеттіліктеріне байланысты микроорганизмдер туралы ғылым өзінің дамуында жалпы микробиология, медициналық, өндірістік (техникалық), ғарыштық, геологиялық, ауылшаруашылық және ветеринарлық микробиология сияқты арнайы салаларға бөлінді.

Ашылу тарихы Бактерияларды көрі, түсіну, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ организмдерді алғаш рет голландиялық Антони ван Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп ойлап тауып, сонымен қолына ілінген заттардың (тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б.) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жібірген хатында баяндаған.

1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер организмде ауру туындататын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ организмдер бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортада тіршілігін жалғастыратынан көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты.Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, 3-басылымы, өңделген, толықтырылған/Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева. - Алматы: Атамұра, 2012. - 336 бет. ISBN 978-601-282-426-1

Микробиологияның әдістері мен мақсаттары Кез-келген микроорганизмдерді зерттеу әдістеріне мыналар жатады: бактериоскопиялық әдіс: жарық - иммерсиялық (оның ішінде фазалық контрастты, қараңғы өрісті, флуоресцентті) және электронды; дақылдық әдіс (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық); биологиялық әдіс (сезімтал үлгілерге байланысты жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зертханалық жануарларға жұқтыру); молекулалық-генетикалық әдіс (ПТР, ДНҚ және РНҚ зондтары және т.б.); серологиялық әдіс — микроорганизмдердің антигендерін немесе оларға антиденелерді анықтау (ИФТ).

Жетістіктері Микроорганизмдердің негізгі бөлігін – бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді. Бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да ортақ сипатқа ие болады.

Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азық – сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады. Микроорганизмдерді барлық су экожүйелерінен кездестіреміз. Әсіресе олардың негізгі бөлігі судың түбіндегі шөгінділерде қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да көп мөлшерде болады. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған.

Жалпы микроорганизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары микроорганизмдердің қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Нәтижесінде қайтадан тіршілікке қажетті заттар пайда болады.

Әсері Микробиология – микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі рөлін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері – ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.

Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық.

Сонымен қатар микробиологияның отан қорғау жөнінде де алатын орны ерекше. Дүниежүзілік үстемдікке құмар империалистер көздеген мақсаттарына жетуге барлық айла-амалдарын қолданудан бас тартпайды. Мұны тарих көрсетіп отыр.

Қазір кейбір капиталистік мемлекеттер микроорганизмдердің адам мен жануарлардың өміріне қауіпті аурулардың туындауына себепші болатын әрекеттерін соғыс мақсатына пайдалануды көздеп отыр. Олар антибиотиктердің өзі қарсы тұра алмайтын микроорганизмдердің қасиеттерін күшейтіп, оны әр түрлі жәндіктерге (маса, сона, шіркей, шыбын, бүрге т.т) жұқтырып қолданбақ. Өйткені мұндай жәндіктер жұқпалы ауруды ауылдар мен қалаларға тез таратып, жаппай қырғынға ұшырау қаупін тудырады. Ол үшін микроорганизмдерді жан-жақты зерттеп, жете талдау керек. Сонда ғана олардың қауіпті әрекеттерін біліп қана қоймай, нақты күрес шараларын белгілеп, келтіретін пайдасын да білуімізге болады

Өнеркәсіпте маңызы Антибиотиктер мен витаминдер түзу Сыра, шараптар, тағамдардың шіруі, бүлінуі, көгеруі Шырынды азық – сүрлемді, этанол, глицерин, ацетон, органикалық қышқылдар дайындау Топырақ құрамын жақсарту Биологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету Гүлденген жер беті эрозиясы шығындарын азайту Нематодтарға қарсы жауыз Қарашіріктің жетілуіне қатысу Микробты антагонист болу

Ауыл шаруалығында маңызы Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру Түрлі өсімдіктер, жануарлар зиянкестеріне қарсы күресу

Дереккөздер

Санат:Микробиология