Секрет бөлгіш жасушалар (секреторные клетки) — өздерінен арнайы бөлінді (секрет) бөліп шығаратын безді жасушалар (гландулоциттер).
Безді жасушалардан бөліндінің бөліну процесін секреция деп атайды. Бұл кұрделі процесс, төрт кезеңнен тұрады: бөліндіні тұзуге керекті заттардың қан тамырларымен тасымалданып, гландулоциттерге сіңірілуі; гландулоциттерде әкелінген заттардан секретгің түзіліп, жасушада жиналуы; гландулоциттерден түзілген секреттің бөлініп, сыртқы ортаға немесе организмнің ішкі ортасына шығарылуы — экструзия; безді жасушаның қалпына келуі (регенерация).Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология