Адвентициялық қабық (кейде Адвентиция, tunika adventitia; — қабық, — келімсек) - организмнің дене қуыстарынан (көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарынан) тыс орналасқан түтікше ағзалардың (жұтқыншақ, көмекей, өңеш пен кеңірдектің мойын бөліктері және тік ішек пен қынаптың соңғы бөлімдері, қан және лимфа тамырлары) сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық қабығы. Ағзалар сыртқы адвентициялық қабығы арқылы сыртындағы басқа ұлпалармен болмаса басқа ағзалармен байланысып жалғасып жатады. Бұл қабықпен түтікше ағзаларды қоректендіретін қан мен лимфа тамырлары және олардың қызметін ретгейтін жүйкелер өтеді. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Адвентиция қан тамырларының сыртқы қабаты негізінде дәнекер ұлпадан қалыптасқан. Артерия және вена адвентициясының ішінде ұсақ қан тамырлары өтеді. Олар қан тамырының өзін қоректендіреді (vasa vasorum). Вена және артериола адвентициялары артерияға қарағанда жуандау. Адвентиция деп кейде сүйектің үстінгі қабатын айтады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 Дереккөздер
Санат:Ангиология Санат:Ағза жасушалары