Мұса Аюбайұлы (т.-ө. ж. б.) - Абаймен ниеттес адам. Қоңыр-көкше тобықты елінде ауыл старшинасы болған. Көп мәселелерді Абаймен ақылдасып шешіп отырған. 1876-84 ж. аралығында Үзікбай Бөрібайұлы Абайдың үстінен жоғарыға жазған арыздарында Мұсаны да іліктіріп, қара күйе жаққан. Империяның заң орындары бұл істі мұқият қарап, Мұсаны ақтап, істі қысқартқан.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар