Сомтума палладийҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2— табиғи таза элементтер тобына жататын минерал. Химиялық таңбасы — Рd. Сингониясы — текшелік, жұмырланған түйірлер, тассүңгілер, радиал-сәулелі агрегаттар. Түсі — болаттай сұр, жылтырлығы — металдай, қаттылығы — 4-5, меншікті салмағы —10,84-11,97. Сомтума палладий шашылымдарда, платина кенінің тотықтану белдемінде кездеседі.

Дереккөздер

Санат:Геология