ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ (Совместимость персо-нальных компьютеров) белгілі бір есептеу машинасында басқа текті компьютерлерге арналып жазылған, сол машиналарда қолданылып жүрген программаларды пайдалану мүмкіндігі. Үйлесімділікті жасақтаудың алпараттық және программалық деп аталатын екі тәсілі бар. Аппараттық үйлесімділік шалғай және орталық құрылғылар деңгейінде ұйымдастырылады. Программалық үйлесімділік, ең алдымен, бірдей операциялық жүйені немесе біртекті операциялык жүйелерді қолдану арқылы жасақталады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника