Қаһарман Бабағұлов (, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы – , Алматы) – мемлекет қайраткері, экономист.

Өмірбаяны 1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын (қазіргі Нархоз университеті) тәмамдаған.

Қызмет жолы 1961 ж. – Алматы ауыр машина жасау зауытында қалыптаушы. 1969–1983 жж. – Қазақ КСР Тұрмыс қажетін өтеу министрлігінде бөлім бастығы, министрдің көмекшісі, жоспарлау-экономикалық басқармасының бастығы. 1983–1986 жж. – Алматы қалалық тұрмыс қажетін өтеу басқармасының бастығы. 1986–1994 жж. – Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары – қалалық жоспарлау басқармасының төрағасы, Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы. ҚР Жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Экономика министрінің 1-орынбасары қызметтерін атқарды. «Қызметмаш» машина жасау зауытының бас директоры. 1996–2014 жж. – «Тайқазан-сервис» ЖШС президенті болды.«СЫР ЕЛІ. Энциклопедия» / Бас ред. Б.С. Каримова. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.

Марапаттары Жалағаш ауданының құрметті азаматы (2007).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан экономистері