Константиновка — Павлодар облысы Успен ауданындағы ауыл, Равнополь ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Успенка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде, Үлкен және Кіші Тобылжан тұзды көлдерінен батысқа қарай 10 км-дей жерде дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18801097 1105 100,7 540 584 108,1 557 521 93,5
Тарихы Іргесі 1902 жылы қаланды. 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес құрылған Қазанның 15 жылдығы атындағы кеңшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1954-1997 жылдары Қазақ КСР-інің 30 жылдығы атындағы кеңшар орталығы болды. 1996 жылдан кеңшар негізінде шошқа және астық дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Байланыс бөлімі, орта мектеп, мәдениет үйі, учаскелік аурухана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильдік жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Успен ауданы елді мекендері