Профилактикалық медицина академиясы – аурудың алдын алу жөніндегі медициналық ілімді жетілдірумен шұғылданатын ғылыми мекеме. 1995 ж. Алматы қаласында ұйымдастырылды. Негізгі міндеті – аурудың алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру. Қазақстанда кейбір аймақтардағы қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына әсерін зерттеуді ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар алғашқы дәрігерлік көмек жүйесін дамыту және оңтайлау мәселелерімен шұғылданады. 1997 жылдан бастап ай сайын «Здоровье и болезнь» атты хабаршы журналы шығып тұрады. Дереккөздер</span>
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Профилактикалық медицина академиясы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.