Қаналыкөл, Қыналыкөл – Ырғыз алабындағы көл.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде, теңіз деңгейінен 240 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Сопақ пішінді көлдің аумағы 10,8 км2, ұзындығы 10,2 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 46,2 км. Қар және жер асты суларымен толығады.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық, көл айдыны мен жағалауының басым бөлігін қамыс, құрақ шоғырлары қамтыған. Солтүстік-шығысында ұзындығы 3 км шамасындағы түбек орналасқан. Алабы шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы көлдері Санат:Ырғыз су алабы