Құйылыс — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл, Тәуіп ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ырғыз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 км-дей жерде, Ырғыз бен Торғай өзенінің қосылған тұсында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 791 адам (403 ер адам және 388 әйел адам) болса, 2009 жылы 992 адамды (423 ер адам және 569 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 553 адамды (272 ер адам және 281 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1960–1967 жылы қой өсіретін «Тәуіп» кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Құйылыста шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы елді мекендері