Реликт сарышұнақ, Тянь-Шань сарышұнағы () – сарышұнақ туысының бір түрі.

Қазақстанда Кетпен, Көген тау жоталары мен Хантәңірі тау сілемдерінде, Үлкен және Кіші Көкпек өзендерінің аңғарларында кездеседі. Дене тұрқы 115 – 275 мм, құйрығының ұзындығы 41 – 90 мм, салмағы 180 – 537 г. Жотасының жүні сұр түсті, аздаған сары күрең теңбілдері бар. Ін қазып, қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Қорегін іздеуге таңертең шығады. Негізінен өсімдіктермен, шөптің 77 түрімен қоректенеді. Қыркүйектің басында қысқы ұйқыға кетеді.

Жылына бір рет, сәуірдің аяғында балалайды (2 – 9). Кәсіптік маңызы шамалы, көбейіп кетсе індерімен жайылымдарға нұсқан келтіреді. Ғылыми-зертттеу жұмыстарын жүргізуде Тянь-Шань реликтінің маңызы зор.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Сарышұнақтар Санат:Азия сүтқоректілері Санат:1923 жылы зерттелген жануарлар