Айтбай Қабыкешұлы Бұлашев (10 шілде 1957 жылы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Шінет ауылында туған) – ветеринария ғылымының докторы (1994 жылы), профессор (1996 жылы). Целиноград ауылы шаруашылық институтын (1978 жылы, қазіргі Қазақ агротехника университеті) және аспирантурасын (1984 жылы) бітірген. 1984–89 жылдары Целиноград ауылы шаруашылық институтында ассистент, доцент, лаборатория және бөлім меңгерушісі (1989–93 жылдары) болды. 1993 жылдан Ақмола аграрлық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарады. 60-тан астам ғылыми еңбек пен 1 монографияның авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Сілтемелер
1. «Айтбай Қабыкешұлы Бұлашев »
2. «Ректор блогы»
Дереккөздер</span>