Құдықсай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Құдықсай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Ойсылқара өзенінің сол жағалауында.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1491 адам (746 ер адам және 745 әйел адам) болса, 2009 жылы 391 адамды (177 ер адам және 214 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 258 адамды (125 ер адам және 133 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Ауыл 1947-1997 жылдары ет өндіру бағытындағы өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Құдықсайда және округтегі Жоламан, Ойсылқара, Кеңой ауылдарында “Құдықсай” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы елді мекендері