Шеңбертал — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округінің құрамында.

Географиялық орны Ауыл аудан орталығы - Ырғыз ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км жерде, Ырғыз өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 561 адам (281 ер адам және 280 әйел адам) болса, 2009 жылы 621 адамды (310 ер адам және 311 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 563 адамды (307 ер адам және 256 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Ауыл 1957-1996 жылдары қой өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде Шеңберталда “Өмірзақ” ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы елді мекендері