Тасшоқы – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы доғал тау. Теңіз көлінен солтүстікке қарай 15 км, Қарабұлақ ауылынан 13 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 417 м. Батыстан шығысқа қарай 2 км-ге созылған, ені 1,5 км. Беткейлері жайпақ, жыра, өзектермен тілімделген. Элювий шөгінділері жапқан ордовиктің тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Даланың қызғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты әр түрлі шөптер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары