Қазақстан — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қазақстан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде, Қараш тауынан бастау алатын Жарсу, Киікбай және Ащыбұлақ өзендері аралығында, жусан аралас сұлыбас, боз, селеу, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22873050 3906 128,1 1507 1952 129,5 1543 1954 126,6
Тарихы 1957 – 97 жылдары аралығында жеміс-жүзім өсіріп, өңдейтін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Қазақстанда және округке қарасты Ащыбұлақ, Жолдыбай Қайыпов ауылдарында “Голд-продукт” шарап зауыты, “Төрткөл” серіктестігі, “Маис”, “Райымбек” атты серіктестіктер және “Қазақстан” шарап зауыты құрылды.
Инфрақұрылымы Округ ауылдарында 3 орта мектеп, 2 мәдениет үйі, көркемөнерпаздар ұжымы, 3 кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том.
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері