Әнес Алтынбеков (15.3.1909, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы – ө. ж. б. Қызылорда қ.) – күріш өсірудің шебері, агроном, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы (1969).

Арғын тайпасының Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Gylym/Altynbekov_A/ak_kurishtin_maytalman_mamany.pdf

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өндірісінде 40 жыл еңбек еткен. Аймақтың ауа райы мен жер жағдайын ескере отырып, алғаш 6 және 7 танапты ауыспалы егіс әдісін қолданып, күріш пен беде түсімін 2,5 – 3 есеге арттырады. 1954 – 56 ж. Алтынбеков басқарған топ тәжірибелік танап гектарынан 47 ц күріш жинады. Алтынбеков күріштің Қазалы 168/3, Қызылорда 356, т.б. сорттарын шығарды. 1965 жылдан Қызылорда аймақтық агрохим. лаб-н басқарды.

Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Белгілі ғалым Әнес Алтынбековтің туғанына - 100 жыл Күріш суда өседі... (Әнес Алтынбеков, «Дән қадірі» кітабынан) Тіл мен топырақ – бір тағдыр

Санат:15 наурызда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Ақтоғай ауданында (Қарағанды облысы) туғандар Санат:Қызылордада қайтыс болғандар Санат:Күріш өсіруші Санат:Қазақстан агрономдары Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономдары Санат:Қазақстан селекционерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері