Қылқанды арпа () – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Өсу ареалы Қызылорда облысында, Бетпақдалада, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле Алатаулары мен Қаратаудың тастақты тау бөктерінде өседі.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 15 – 50 см. Сабағы жылтыр. Жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, көбінесе ширатылған. Гүлшоғыры – масақ, оның ұзындығы 2-2,5 мм-дей. Сәуір – мамырда гүлдейді. Масақтағанға дейін құнарлы мал азығы, сүрлемдік өсімдік. Масағы қатайғаннан кейін қылқаны оны азық ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді.Қазақстан энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы