Сағындық керей — Орта жүз ашамайлы керейден тараған рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша Сағындық керейден: тоқсары, аю, тұрлыбек, көтеней, есбол, қамысбай, қамшыбай, қалпақ, тамшыбай, жолаушы рулары тарайды. Петропавл уезін, Еменалы болысын, Көлденең Есілдің теріскей бетін, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылын, Қайраңкөл темір жол стансасын, Пресновканы, Мамлют темір жол стансасын мекендеген. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:

Санат:Қазақ рулары