Күшік-қалпе суару жүйесі - Алматы облысы Қаратал ауданы жерінде. 1950 ж. іске қосылған.

Қаратал өзенінің суын пайдаланады. Магистральдық каналының ұзындығы 9,5 км. Бас жағындағы су ағыны 20 м³/с. Жүйенің жалпы ұзындығы 309,8 км, бойында 334 гидротехникалық қондырғылар бар. Жылына 10,0 мың га егістік суарылады. Егілетін басты дақылы – қант қызылшасы мен соя.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан суару жүйелері Санат:Қаратал ауданы географиясы Санат:1950 жылы соғылған ғимараттар мен құрылыстар Санат:Балқаш су алабы