Көкшиелі, Көкешиелі – Жетісу (Жоңғар) Алатауының батыс сілемі Малайсары жотасының солтүстігіндегі таулы жота.

Географиялық орны, жер бедері Жетісу облысы Көксу ауданы жерінде, Іле және Быжы (Қараталдың саласы) өзендері аралығында, Мойынқұмның шығысында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км. Орташа биіктігі 1000 м. Ең биік жері – 1189 м.

Геологиялық құрылымы Көкшиелі, негізінен, пермдік эффузивті жыныстар аралас туфтан түзілген; ал тілімделген көлбеу солтүстік беткейінің негізі палеогеннің конгломерат шөгінділерімен жабылған. Оңтүстік-шығысы тік.

Өсімдігі Етегі мен беткейлерінде жусан, бетеге, изен, сай-жыраларында бидайық, қарабас өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Көксу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы