Шалсу – Қорағаты алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 208 км2.

Бастауы Шал тауының солтүстік бөктерінен басталып, Құмарық ауылынан төменде 15 км жерде тартылып қалады.

Гидрологиясы Жоғарғы және орталығы ағысындағы арнасы тік, жарқабақты, төменгі аңғары кең жазықты келген. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Шалсудың солтүстік бөліктерінде суармалы егіншілік дамыған.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы өзендері Санат:Шу су алабы