Шағатай — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Шағатай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 104 км-дей жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарындағы қамыс, құрақ аралас бетеге, боз, тағы басқа астық тұқымдас шөптесін өскен шалғынды қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1662 адам (818 ер адам және 844 әйел адам) болса, 2009 жылы 1389 адамды (693 ер адам және 696 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1109 адамды (575 ер адам және 534 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1931 жылы асыл тұқымды ірі қара мал зауытын құруға байланысты қаланған. 1997 жылдан оның негізінде Шағатайда және округке қарасты Қарабас, Қоғалытөбе, Құтсиық, Қызылжар ауылдарында 1 АҚ, 6 шаруа қожалығы құрылған.
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері