Сарытау – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміне кіретін жекелеген тау жотасы.
Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 2073 м. Ұзындығы 25 км, енді жері 10-12 км. Шығысында – Ақсу, батысында Бүйен өзендерімен шектеседі.
Жер бедері Жер бедері солтүстік-батыс жағында көлбеу, солтүстік-шығысында өте тік. Батысы мен солтүстігіндегі беткейлері түйетайлы.
Геологиялық құрылымы Тау палеозой эрасының герцин таужасалу кезеңінде қалыптасқан. Кейінгі тектоникалық қозғалыстар кезінде негізгі жоталардан бөлінген. Геологиялық жыныстары кристалдық тақтатастардан, кварцит пен құмдауыттан тұрады.
Климаты Тау қоңыржай белдеудің тұран континентальдық аймағына жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-750 мм. Қаңтардың орташа температурасы -12 -16°С, шілдеде 16-20°С.
Өсімдігі Етегінен төбесіне қарай қызғылт қоңыр топырақ әлсіз қордалы қара топыраққа алмасады. Селеулі-бетегелі шалғын 2000 м биіктікте шырша мен самырсынға, көктерек, қайың, шетен аралас орманға айналады. Солтүстік-батыс етегінде көне Тұрсынөде кенішінің орны сақталған. Баурайында бірнеше бұлақ көздері бар.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы