Варвара Ивановна Бондарева (17 желтоқсан 1903 жылы, Ресей, Дондағы Ростов қаласында туған) – ветеринария ғылымының докторы (1964 жылы).

Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1932 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) және Алтай аймағы шаруашылықтарында мал дәрігері (1932–38 жылдары), Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1938–60 жылдары). 1960 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Зоология институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

Шығармалары

1. "Ценурозные инвазии домашних и диких животных", Аламаты, 1964;

2. "Многокамерный эхинококкоз и меры его профилактики", Алматы, 1968.

Сілтемелер

1. «Бондарева Варвара Ивановна»

Дереккөздер

Санат:17 желтоқсанда туғандар Санат:1903 жылы туғандар Санат:Дондағы Ростовта туғандар Санат:Қазақстан ветеринарлары Санат:Ветеринария ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері