Борис Васильевич Спасский (30 қаңтар 1937 жыл, Санкт-Петербург – 27 ақпан 2025 жыл, Мәскеу) — кеңестік, ресейлік шахматшы, шахматтан әлемнің оныншы чемпионы (1969–1972). Спасский шахматтан үш түрлі әлем чемпионатына қатысқан еді: 1966 жылы ол Тигран Петросянға жеңілді; 1969 жылы Петросянды жеңді; 1972 жылы Бобби Фишерге жеңілді.
1976 жылы Спасский Францияға көшті де, 1978 жылы Франция азаматы атанды. Ол түрлі сайыстарға қатысуын жалғастыра берді, алайда әлем чемпионына үміткерлігін жоғалтты. 1992 жылы Спасский Бобби Фишерге қарсы бейресми «қайта күресінде» жеңілді. 2012 жылы ол Франциядан кетіп, Ресейге оралды.
Спасский, оған қоса, халықаралық гроссмейстер (1955), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), КСРО чемпионы (1961, 1973) атақтарына ие еді.Қазақ энциклопедиясы
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:КСРО шахматшылары Санат:Шахматтан әлем чемпиондары