Серік Берменбекұлы Кененбаев (29.11.1954 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы) – ауыл шаруашылық ғылымының докторы (2001), профессор (2007), 1977 жылы ҚР Ауыл шаруашылық ғылыми академиясының академигі Қазақ ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1978–80 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, осы институттың агротопырақтану бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер, 1981–94 жылдары лаборатория меңгерушісі, 1996–99 жылдары ғылыми хатшы, 1999–2003 жылдары директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2003-2004 жылдары Картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, 2004 жылдан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылғы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры.

«Қазақстандағы егістік топырақтарының генетикалық қасиеттерінің антропогендік өзгеруі және олардың құнарлылығын оңтайландыру жолдары» деген тақырыпта докторлық диссиртация қорғады.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар