Aguilera — америкалық әнші Кристина Агилераның тоғызыншы студиялық альбомы; оның 2000 жылғы Mi Reflejo альбомынан кейін екінші испантілді альбомы.
Альбом үш бөлімнен тұрады. 2022 жылдың 21 қаңтарында әнші алты композициядан тұратын La Fuerza атты мини-альбомды шығарды, 30 мамырда ол тағы алты әннен тұратын La Tormenta атты екінші мини-альбомды шығарды. Келесі күні бұл екеуін қосып, Aguilera атымен жаңа туындысын сандық платформаларға ұсынды. 30 қыркүйекте шыққан La Luz синглі қосымша композициямен альбомның соңғы бөлігі болып қосылды.
Туынды Грэмми сыйлығының «Үздік латинамерикалық поп-альбом» және «Үздік иммерсивті аудиоальбом» номинацияларына ілікті. Сонымен қатар Латын Грэмми сыйлығының жеті номинациясына ілігіп, «Үздік дәстүрлі вокалды поп-альбом» жүлдесін жеңіп алды.
Композициялар тізімі
Дереккөздер
Санат:Кристина Агилера альбомдары