кіші Джон Дэвисон Рокфеллер (; 29 қаңтар 1874, Кливленд, Огайо – 11 мамыр 1960, Тусон, Аризона) — ірі филантроп және атақты Рокфеллер әулетінің негізгі мүшелерінің бірі. Ол кәсіпкер әрі Standard Oil компаниясының иесі Джон Д. Рокфеллердің жалғыз ұлы және әйгілі бес ағайынды Рокфеллердің әкесі болды. Джон Рокфеллерді әдетте оны әкесі Джон Д. Рокфеллерден ажырату үшін «кіші» деп атайды. Оның әкесі өз кезегінде «аға» деген атпен танымал.
Бизнес мансабы Оқу орнын бітіргеннен кейін Рокфеллер (кіші) 1897 жылғы 1 қазанда әкесінің бизнесіне қосылып, Standard Oil компаниясының Бродвей көшесіндегі 26-үйде орналасқан штаб-пәтерінде жаңадан құрылған отбасылық кеңсенің жұмысын ұйымдастыра бастады. Ол Standard Oil компаниясының директоры болды, кейінірек 1901 жылы құрылған Джон Морганның U.S. Steel компаниясының да директорлар қатарына кірді. Standard Oil компаниясының сол кездегі басшысы Джон Дастин Арчболдқа (Рокфеллер ағаның мұрагері) қатысты жанжалдан кейін Рокфеллер (кіші) 1910 жылы екі компаниядан да кетті. Hearst медиаимпериясы Арчболдтың екі белгілі конгрессменге пара бергенін әшкерелеген болатын. Қаржылық алаяқтықтармен байланысты беделдік шығындардан арылуға тырысқан Рокфеллер (кіші) осыдан кейін қайырымдылық қызметпен белсенді түрде айналыса бастады.Resignation from Standard Oil and U.S. Steel boards — see Ron Chernow, Titan: The Life of John D. Rockefeller, Sr., London: Warner Books, 1998. (pp.548-551)
Ұлы депрессия кезінде ол Манхэттеннің географиялық орталығында орналасқан, 14 ғимараттан тұратын алып Рокфеллер орталығы кешенінің жобасын әзірлеп, оның жалғыз инвесторы болды. Нәтижесінде Рокфеллер (кіші) Нью-Йорк қаласындағы ең ірі жылжымайтын мүлік иелерінің біріне айналды.
1921 жылы ол әкесінен Equitable Trust Company банкінің акцияларының шамамен 10 пайызын алды, соның нәтижесінде банктің ең ірі акционеріне айналды. Кейінірек, 1930 жылы бұл банк Chase National Bank-пен (қазіргі JPMorgan Chase) бірігіп, сол кездегі әлемдегі ең ірі банкке айналды. Бірігу нәтижесінде оның акциялар пакеті шамамен 4 пайызға дейін қысқарғанымен, ол әлі де банктің ең ірі акционері болып қала берді. Осыған байланысты банк «Рокфеллер банкі» деген атауға ие болды. 1960-жылдардан бастап, оның ұлы Дэвид банк президенті болған кезден бері және бүгінгі күнге дейін Рокфеллер әулеті банк акцияларының шамамен 1 пайызын иеленіп келеді.Largest shareholder in Chase Bank — see David Rockefeller, Memoirs, New York: Random House, 2002. (pp.124-25)
Қайырымдылық қызметі 1913 жылы ол әкесі Джон Д. Рокфеллермен және Фредерик Т. Гейтспен бірге АҚШ-тағы алғашқы қайырымдылық қорларының бірі болған Рокфеллер қорын құрды.
Отбасы 1901 жылғы 9 қазанда Джон Рокфеллер (кіші) ықпалды сенатор Нельсон Олдричтің қызы Эбби Олдрич Гринге үйленді. Бұл неке капитал мен саясаттың ең ірі одағы ретінде қабылданды. Сонымен қатар, үйлену тойы өз дәуіріндегі маңызды оқиғалардың бірі әрі ең салтанатты тойлардың бірі болды. Той Род-Айлендтегі Aldrich Mansion резиденциясында өтті. Оған Standard Oil және басқа да компаниялардың басшылары шақырылды.Details of the 1901 wedding — Harr & Johnson, op.cit., (pp.81-5)
Ерлі-зайыптылардың алты баласы болды — бір қызы және бес ағайынды Рокфеллер: Эбби Рокфеллер Маузе (9 қараша 1903 — 27 мамыр 1976) Джон Д. Рокфеллер III (21 наурыз 1906 — 10 шілде 1978) Нельсон Олдрич Рокфеллер (8 шілде 1908 — 26 қаңтар 1979) Лоренс Спелман Рокфеллер (26 мамыр 1910 — 11 шілде 2004) Уинтроп Рокфеллер (1 мамыр 1912 — 22 ақпан 1973) Дэвид Рокфеллер (12 маусым 1915 — 20 наурыз 2017)
Әдебиет </ref>
Дереккөздер
Сілтемелер John Davison Rockefeller, Jr, 1874—1960 / Biographical Memoirs of Fellows of the Royal Society 1960 vol 6 pp 247–257, plate, by G. W. Corner
Санат:АҚШ меценаттары Санат:АҚШ кәсіпкерлері Санат:АҚШ миллиардерлері Санат:АҚШ қаржыгерлері Джон Дэвисон 2 Санат:АҚШ баптистері Санат:Браунинг мектебі түлектері Санат:Браун университеті түлектері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері (12-жарғы)