Валерий Батайұлы Темірбаев (25 мамыр 1941, Жаркент, Талдықорған облысы, Қазақ КСР) — кеңестік және қазақстандық мемлекет әрі саяси қайраткер, дипломат. Қазақстан Республикасының Ресейдегі, Беларустегі және Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстанның ТМД-дағы тұрақты өкілі.
Өмірбаяны 1958—1965 жылдары қара жұмысшы, электр сілесірі, электрші болып істеді.
1970 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-энергетик мамандығы бойынша бітірді.
1970—1976 жылдары Павлодар трактор зауытының шебері, аға шебері, бөлім бюросының басшысы, цех басшысының орынбасары, партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
1976—1978 жылдары Павлодар облыстық партия комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1978—1985 жылдары Павлодар облысындағы Екібастұз қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, Екібастұз қалалық атқару комитетінің төрағасы, Екібастұз қалалық партия комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.
1983 жылы Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебін бітірді.
1985—1986 жылдары Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1986—1987 жылдары КОКП ОК қадағалаушысы болып күн көрді.
1987—1988 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы болып еңбектенді.
1988—1990 жылдары Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің 1-хатшысы, Шымкент облыстық кеңесінің төрағасы болды.
1989—1991 жылдары КСРО халық депутаты болып істеді.
1990—1991 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарды.
1991—1994 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Өкілетті өкілі (Елшісі) болып жұмыс істеді.
1994—1996 жылдары Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етті.
1995—1996 жылдары Қазақстанның ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілетті өкілі (қоса атқарды) лауазымында мехнат қылды.
1996—1999 жылдары Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып күн көрді.
1999—2004 жылдары Қазақстаннан ТМД Мемлекетаралық экономикалық комитеті алқасының мүшесі, ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болды.
2006—2020 жылдары Мәскеуде тұратын қазақстандық — ардагерлер кеңесінің төрағасы болып істеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінің құрметті профессоры.
Отбасы Ұлы: Виктор Валерийұлы Темірбаев — қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қызы: Марина Валерийқызы (Темірбаева) Қараулова — қаржыгер.
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:Алматы жоғары партия мектебінің түлектері Санат:Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстанның Ресейдегі елшілері Санат:Қазақстанның Беларустағы елшілері Санат:Қазақстанның Түрікменстандағы елшілері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары