Пайдалы байланыстар немесе нетворкинг (ағылш. networking, сөзбе-сөз «желі құру»: net – «желі», work – «жұмыс істеу») — белгілі бір салада жұмыс істейтін немесе байланыстары бар достар мен таныстар шеңберінің көмегімен күрделі өмірлік міндеттерді барынша жылдам әрі тиімді шешуге бағытталған әлеуметтік және кәсіби қызмет.
Алты қол алысу теориясы Пайдалы байланыстардың негізінде 1960-жылдары америкалық әлеуметтік психологтар Стэнли Милгрэм мен Джеффри Трэверс әзірлеген алты қол алысу теориясы жатыр. Оның мәні — әрбір адам ортақ таныстар тізбегі арқылы Жер шарындағы кез келген басқа адаммен жанама түрде таныс. Орта есеппен мұндай тізбек алты адамнан тұрады .
Нетворкинг түрлері Социалды нетворкинг - жеке нетворкинг. Нетворкинг құралдарын пайдаланудың мақсаты бизнес қажеттіліктерінен емес, жеке тұлғаның ұмтылыстары мен құндылықтарынан туындаған жағдайда осылай аталады. Әдетте, ол қарым-қатынас ортасын қалыптастыру үшін қолданылады. Жаңа адамдармен достық қарым-қатынас орнатуға негіз болады, кейде болашақ жұбайымен танысуға да себеп болуы мүмкін .
Кәсіби нетворкинг — мансапқа, бизнеске және ұйымдар ішіндегі өзара іс-қимылға байланысты қызмет. Ол кәсіби тәжірибе алмасу, жаңа мүмкіндіктерді іздеу және жұмысқа қатысты міндеттерді шешу мақсатында әріптестермен, серіктестермен, клиенттермен және белгілі бір сала өкілдерімен байланыс орнатуды қамтиды .
Онлайн-нетворкинг — цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы байланыстар орнату және оларды қолдау процесі .
Нетворкингке арналған платформалар
Негізгі нетворкинг платформалары
Astana Hub Networking - Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби қауымдастық. IT саласындағы мамандар мен компанияларды тауып, жаңа серіктестіктер орнатуға болады.
Business Networking Kazakhstan - Қазақстандағы кәсіпкерлер мен стартап негізін қалаушыларға арналған белсенді қауымдастық. Олар Алматы және басқа да қалаларда тұрақты офлайн кездесулер ұйымдастырады.
BizPride - Алматы қаласы мен Қазақстан бойынша іскерлік байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға арналған іскерлік бранчтар, мастер-клайндар өткізетін платформа.
Startup.Network (Қазақстан) - инвесторлар мен стартап жобаларды іздеуге, бизнеске қаржы салуға арналған инвестициялық алаң.
Халықаралық танымал платформалар
TenChat - іскерлік байланыстарға бағытталған, жасанды интеллект арқылы сәйкестендіру (матчинг) жасайтын заманауи бизнес-желі. Random Coffee - белгілі бір уақытта қызығушылықтары ұқсас адамдармен кездейсоқ онлайн немесе офлайн кездесулер (кофе-брейк) ұйымдастыратын сервис.
Дереккөздер
Санат:Жасанды интеллект Санат:Кәсіпкерлер Санат:Инвестиция Санат:Желілер