Алексей Иванович Неклюдов (25 наурыз 1906, Сокол ауылы, Рязан губерниясы, Ресей империясы — 4 маусым 1996, Мәскеу) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1959–1964, 1965–1969).

Өмірбаяны 1906 жылы 25 наурызда Ресей империясы Рязан губерниясының Сокол ауылында дүниеге келді. 1929 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.

1932 жылға дейін ЖШҚФ қатарында әскери борышын өтеді.

1933—1934 жылдары азаматтық ұшақ жасау зауытының БЛКЖО комитеті хатшысы болып жұмыс істеді.

1934—1938 жылдары Авиациялық қозғалтқыштар жасау орталық институтында кадрлар бөлімі басшысының орынбасары әрі БК(б)П комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.

1938—1940 жылдары Қазақстан К(б)П жауапты ұйымдастырушысы, кейін Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті секторының жетекшісі болып еңбек етті.

1940—1946 жылдары Қазақстан К(б)П Балқаш қалалық комитетінің 1-хатшысы (Қарағанды облысы) болып істеді.

1946—1949 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1949—1950 жылдары Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы міндетін атқарды.

1950—1954 жылдары Қазақстан К(б)П Алматы қалалық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.

1954—1959 жылдары Қазақстан КП ОК партия органдары бөлімінің меңгерушісі лауазымында мехнат қылды.

1959 жылдың 6 мамырынан — 1964 жылдың 28 желтоқсанына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болып жұмыс істеді.

1963 жылдың 1 қаңтар-17 қаңтар аралығындаҚазақстан КП Шығыс Қазақстан ауылдық облыстық I конференциясының қаулысы Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы өндірісі жөніндегі ұйымдастыру бюросының төрағасы қызметін атқарды.

1963 жылдың 17 қаңтарынанҚазақстан КП Шығыс Қазақстан ауылдық облыстық комитетінің I пленумының қаулысы. — 1964 жылдың 28 желтоқсанына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан ауылдық облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.

1964 жылдың 28 желтоқсанынанҚазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің I пленумының қаулысы. — 1965 жылдың 13 сәуіріне дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы болып істеді.

1965 жылдың 13 сәуірінен — 1969 жылдың 10 қыркүйегіне дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы болды.

1969 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Дереккөздер

Сілтемелер Алексей Неклюдов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Кәсіпорындар мен ұйымдардағы БЛКЖО комитеттерінің хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Балқаш қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVIII конференциясының делегаттары