Кенжебай Макин (20 желтоқсан 1906 — 16 маусым 1960) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.
Өмірбаяны 1906 жылы Омбы губерниясындағы №6 ауылында дүниеге келді.
1925 жылы шаруа жастарына арналған мектепті тәмәмдады.
1927—1929 жылдары Ауылдық кеңестегі БЛКЖО ұйымы төрағасының орынбасары, хатшысы болып жұмыс істеді.
1929—1931 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.
1931—1932 жылдары жұмысшылар факультетінің тыңдаушысы болды.
1932—1933 жылдары БК(б)П Алматы облыстық комитетінің нұсқаушысы, ақпаратшысы қызметін атқарды.
1933—1934 жылдары «Скотоводтрест» мекемесіндегі Кадрлар секторының меңгерушісі болып еңбек етті.
1934—1937 жылдары сүт-ет кеңшары директорының орынбасары, директоры лауазымында мехнат қылды.
1937—1938 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар халық комиссариатының Оңтүстік-Батыс басқармасы басшысы болып еңбектенді.
1938—1939 жылдары сүт-ет кеңшарының директоры болып жұмыс істеді.
1939—1940 жылдары «Казснабпром» Павлодар облыстық кеңсесінің директоры болды.
1940—1942 жылдары машина-трактор станциясының директоры қызметін атқарды.
1942—1944 жылдары Қазақстан К(б)П Максим Горький аудандық комитетінің 2-хатшысы (Павлодар облысы), содан соң Қазақстан К(б)П Максим Горький аудандық комитетінің 1-хатшысы (Павлодар облысы) болып еңбек етті.
1944 жылдан бастап — 1945 жылдың наурызына дейін Павлодар облыстық кеңесінің Атқару комитеті төрағасы лауазымында мехнат қылды.
1945 жылдың наурызынан бастап — 1951 жылға дейін Қазақстан К(б)П Михайловский аудандық комитетінің 1-хатшысы (Павлодар облысы) болып еңбектенді.
1951—1957 жылдары Қазақстан К(б)П — КП Баянауыл аудандық комитетінің 1-хатшысы (Павлодар облысы) болып жұмыс істеді.
1957 жылдан бастап — 1960 жылдың 16 маусымына дейін — Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің 2-хатшысы болдыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
1960 жылы Павлодарда қайтыс болып, Мойылды ауылының маңындағы мұсылман зиратына жерленді.
Дереккөздер
Сілтемелер Кенжебай Макин. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Мұсылман зиратында жерленгендер (Мойылды)