Bachtrack рейтингі – классикалық музыка саласындағы статистикалық тізімдердің бірі. Тізім дирижëрлердің көркемдік деңгейін емес, белгілі бір кезеңдегі концерттік белсенділігін көрсетеді. Рейтингті жасау барысында дирижëрлердің афишаларда жиі көрініуі, концерттер саны және халықаралық оркестрлерімен жұмыс істеу белсенділігі ескерілген. №ДирижëрМемлекетЖасы (2025 жыл бойынша)Негізгі қызметі1Янник Незе-Сеген50 жасMetropolitan Opera және Philadelphia Orchestra-ның музыкалық директоры.2Андрис Нельсонс47 жасBoston Symphony Orchestra және Gewandhausorchester Leipzig жетекшісі.3Кун Кесселс64 жасRoyal Ballet және Het Balletorkest музыкалық директоры. Балет пен опера саласындағы үлкен тәжірибесі оның көптеген қойылымдарын қамтамасыз етті.4Клаус Мякеля29 жасOslo Philarmonic, Orchestre de Paris және Chicago Symphony-дің болашақ жетекшісі.5Пааво Ярви 63 жасTonhalle-Orchester Zürich жетекшісі.6Манфред Мария Хонек67 жасPittsburgh Symphony Orchestra музыкалық директоры.7Фабио Луизи66 жасDallas Symphony, Danish National Symphony және NHK Symphony жетекшісі.8Эдвард Гарднер51 жасLondon Symphony Orchestra бас дирижëрі.9Густаво Химено49 жасToronto Symphony Orchestra және Teatro Real директоры.10Симона Маргарет Янг64 жасSydney Symphony Orchestra бас дирижëрі. Осы ондықтағы жалғыз әйел дирижëр.

Статистика Тізімге енген дирижëрлердің орташа жасы шамамен 55 жасты құрады. Ең жас дирижëр – 29 жастағы финдік дирижëр Клаус Мякеля болса, ең тәжірибелі қатысушының есімі 67 жастағы аустриялық Манфред Хонек. Бұл симфониялық және опералық дирижëрлеу саласында халықаралық деңгейге жету үшін ұзақ кәсіби тәжірибе мен көпжылдық мансап қажет екенін көрсетеді. Рейтинге ер дирижëрлер айқын басымдыққа ие болды. Алғашқы ондыққа енген дирижëрлердің тек біреуі ғана аустриялық әйел дирижëр – Симона Янг. Осылайша, бұл көрсеткіш классикалық музыка саласындағы гендерлік теңсіздік мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді. Соңғы жылдары әйел дирижëрлер саны артқанымен, халықаралық статистикада ер дирижëрлер басымдығы сақталып келеді.

Дереккөздер