thumb|right|240px| Пердеше, көзе және табақша () — Поль Сезанн 1893–1894 жылы салған натюрморт. Өлшемдері — 60 × 73 см.
Француз суретшісі өзі айтқандай, үйреншікті заттарды салу деген олардың көшірмесін жасау емес, бұл бақылаушының түйсінгенін жеткізе білумен тең. Яғни Сезанн мұнда жемістер, ыдыстар мен үстелдің оптикалық әсерлерін үйлесімді беруге тырысқан.
Бұл суретке Сезанның әріптесі Поль Гоген, кейін коллекционерлер Амбруаз Воллард, Поль Розенберг иелік еткен. 1999 жылғы 10 мамырда оны Нью-Йорктегі аукционда 60 502 500 долларға сатқан. Жалпы, бұл натюрморттар үшін ең қымбат баға болып саналады.
Дереккөздер
Санат:Поль Сезанн суреттері Санат:1894 жылы салынған суреттер Санат:Натюрморттар