Гүлнәр Бейсенғазықызы Ахмеджанова — заң ғылымының докторы (2010), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 12 мамырда Павлодар облысы, Павлодар қаласында туған.
ҚазМУ-ды (1993, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) жəне Қазақ құқықтану жəне халықаралық қатынастар институтын (2007) бітірген. Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы (1993-98), Павлодар университетінде кафедра меңгерушісі (1998-2001, қазіргі Еуразия инновациялық университеті), 2001 жылдан Павлодар мемлекеттік университетінде (қазіргі Торайғыров университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Қазақ əдет-ғұрып құқығындағы ант беру институты" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50–ден астам ғылыми мақала, 5 оқу құралының авторы.
Марапаттары "Құқық саласындағы ең үздік оқытушы" белгісінің иегері (2008).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ахмеджанова Гүлнар Бисенғазықызы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері